Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Меруерт Түсіпбаева Америкаға не үшін барғанын айтты

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Меруерт Түсіпбаева. Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Әнші Меруерт Түсіпбаева жақында Америкаға саяхатқа барды. "Таңшолпан" бағдарламасына келген өнер иесі ұлы екеуінің бұл сапары жайлы айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Балам екеуімізде Америкаға 10 жылға виза бар. Балам үнемі барып тұрады. Қазір Еуропада магистратурада оқып жатыр. Біздің көптен бергі арманымыз "Ниагара" сарқырамасын көру еді.

Балам екеуіміз біраз елді шарлаған саяхатшымыз. Бірақ сарқыраманың жанында тұрғанжа энергиясы мүлде басқа. Балам екеуіміз түрлі сезімде болдық. Сарқырама Жаратқанның адамзатқа берген сыйы ғой. Балам екеуіміз кемемен дәл жанына жақындадық. Балам кішкентайынан саяхатқа шықты ғой. Осы сарқырамадан кейін "Ана, рахмет" деп эмоциясын басқара алмады", - деді Меруерт Түсіпбаева.

Еске сала кетейік, осыған дейін әнші ұлының өзінен қашан тұрмысқа шығатынын сұрағанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047069-10-zylga-viza-bar-meruert-tusipbaeva-amerikaga-ne-usin-barganyn-aitty/

pixel