Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қош келдің өміріме": Әнші Ринат Шамшырақ шаңырақ көтерді (фото)

Опубликовано:

Ринат Шамшырақ келіншегімен
Ринат Шамшырақ келіншегімен. Фото: Instagram/rinat_shamshyrak

Қазақстандық жас әнші Ринат Шамшырақ жұлдызды бойдақтар қатарынан шығып қалды. Өнерпаз өмірлік серігін жолықтырып, шаңырақ көтерген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл қуанышты жаңалықты әншінің өзі Instagram парақшасында хабарлады. Ол мешітте ақ некесін қидырған сәтінен фото бөлісіп, көпшілікке сүйіктісін көрсеткен.

"Қош-келдің өміріме. Шынайы тілек тілеп қойыңыздаршы жақсылар", - деген жазба қалдырды Ринат Шамшырақ.

Желі қолданушылары жас жұбайларды жарыса құттықтап, оларға ақ тілегін жаудырды.

"Бақытты болыңдар", "Бақыттарың баянды болғай. Бір жастықта қартайыңдар", "Қандай әдемі жарасымды жұп", "Махаббаттарың мәңгілік болсын", "Келіншегің сұлу екен", - деп жазуда көпшілік.

Сонымен қатар кейбір оқырмандар жас әншінің сүйіктісіне қатысты бірқатар пікір қалдырып үлгерген. Олардың жазған пікіріне сәйкес, Ринат Шамшырақ өзінен үлкен, баласы бар келіншекке үйленген.

Алайда жас жұбайлар бұл ақпаратты әлі ресми түрде растаған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047186-qos-keldin-omirime-ansi-rinat-samsyraq-sanyraq-koterdi-foto/

pixel