Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзің туған қыз болмағасын, түсінулері қиын": Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз жайлы айтты

Жарияланған күні:

Қайрат Нұртас, Гүлзира Айдарбекова, Жұлдыз Әбдікәрімова
Қайрат Нұртас, Гүлзира Айдарбекова, Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: "MOM’skий әңгіме" бағдарламасы

Продюсер Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың жұбайы жайлы айтты. "MOM’skий әңгіме" бағдарламасында келіндерінің жағдайын жасауға тырысатынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жұлдыз келін болып түскенде, 19 жаста болды. Ал Қайрат 18 жаста еді. Келін бөтен үйге келгенде ештеңе білмей келеді. Үйрету біздің парызымыз. Бірінші келген кезінде қызықтары көп болды. Қонақта отырсам, "Бірінші пияз салам ба? Ет салам ба?" деп хабарласты. Сөйтсем, Қайрат екеуі тамақ дайындайын деп жүр екен. Қазір тамақты өте дәмді дайындайды", - деді Гүлзира Айдарбекова.

Сонымен қатар продюсер келіндерінің жағдайын жасауға тырысатынын да жасырмады.

"Келіндердің барлығы солай. Келген кезде қиналады. Үй қызметшілері ауысқанда басқасын тапқанша арасында үзіліс болады. Сондай кезде өздеріне қиын болады. Негізі барынша қиналдырмауға, жағдайларын жасауға тырысамын. Нұрекең "Сен келіндерді жаман үйреттің. Үйдің шаруасын білмей қалады" дейді. "Менің көргенімді көрмей-ақ қойсын. Өздері білетін шыған. Түсінетін шығар" деймін. Біздің үйде міндетті түрде нан жабамыз. Келін біздің өміріміздің жалғасы. Сондықтан бәрін үйретуіміз керек. Ене барынша түсіндіруге тиісті.

Бірақ оны тыңдайтын келін болса, әрине. Өйткені, басқа әулеттен, басқа тәрбиеден шыққасын, сенің жан дүниеңді түсінуі де қиын ғой. Ата-ана "Қайтсем баламды бақытты етем" деп ойлайды ғой. Өмір өте адамдар сенің қанша жақсылық жасап, қиындыққа төзгеніңді түсінеді.

Кейде соқыр, кейде керең боласың. Өзің туған қыз болмағасын, түсінулері қиын. Келінді қатты ұстасаң - сынып кетеді. Бос ұстасаң - жайылып кетеді. Шыдайтын келін болса, шыдайды. Шыдамайтын келін болса, "Жібере салайын. Өзі білсін. Өзі білетін уақыты жетті" дейсің. Айтқаныңа көнсе, ана ретінде ақылыңды айтасың. Көнбесе, әрі қарай өздері шешсін дейсің. Негізі осы дұрыс. Енелер келінмен ұрысып, абырой таппайды. Ер адам анасына қарағанда, әйелін көп тыңдайды. Балаңның жүрегін ауыртып, ортасына от салып не істейсің? Олар да өмір сүруі керек. Олар да шыңдалуы керек"", - деді Гүлзира Айдарбекова.

Cонымен қатар Гүлзира Айдарбекова келіндерінің үйінде көп болмайтынын атап өтті.

"Мен шашым жалбырап не істеп жүрмін? Келіннің ыстық шайын ішіп, немерелерімді иіскеп үйде отырмаймын ба? Күйеуім "Шашың жалбырап жүгіресің де жүресің. Осының бәрін келіндерге қашан үйретесің?" дейді. Бірақ соны түсініп, "Отырса - опақ, тұрса - сопақ емеспіз. Келсе, артынып-тартынып, жағдаймызды жасап кетеді" Бір күнге барып, бір шай ішіп кетесің. Мен ары кетсе үйде 3 күн қонады екенмін.

Маған апта сайын күйеуім келеді. Күйеуімнің жұмысы Астана қаласында. Менің жұмысым Алматыда", - деп ағынан жарылды Қайрат Нұртастың анасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047192-ozin-tugan-qyz-bolmagasyn-tusinuleri-qiyn-gulzira-aidarbekova-kelini-zuldyz-zaily-aitty/