Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жылап жататынмын": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайраттың танымалдығы жолында қандай қиыншылықты бастан кешкенін айтты

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен Гүлзира Айдарбекова
Қайрат Нұртас анасымен. Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Продюсер Гүлзира Айдарбекова үлкен ұлы Қайратты танымал ету жолында түнгі ұйқысынан айырылғанын баяндап берді. Хитменнің анасы "MOM’skий әңгіме" бағдарламасында ұлының көмекшілері пайда болғанға дейінгі жағдайды айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Продюсердің айтуынша, ол Қайрат Нұртасты 21 жасқа қараған шағында дүниеге әкелген.

"Қайратты 21 жасқа қараған шағымда дүниеге әкелдім. Түнде ұйықтамай, "Қалайша мен осындай баланы дүниеге әкелдім" деп бетіне қарап отыратынмын", - деді продюсер ең алғаш ана атанған кезі жайлы.

Сонымен қатар Гүлзира Айдарбекова баласының танымалдығы жолында түнгі ұйқысынан айырылғанын да баяндап берді.

"Қайраттың концертімен, жұмысымен көп жүретінмін. Мысалы қазір Қызылордада концерт болса, ертесіне Таразда өтуі керек. Біз 2-3 концерт қойып, түнде жол жүреміз. Таңертең барып ұйықтаймыз. Қайрат екеуіміздің түнгі ұйқымыз да бұзылған.

Ол кезде Қайраттың костюмін де мен тігемін, концертін де ұйымдастырамын. Бейнебаянын түсіремін. Әндерін ақындар жазса, оның арасында міндетті түрде 4 қатары менің сөздерім болатын. Күні-түні ойланамын. Ұйқас сөздермен жазса, міндетті түрде өзгертемін. Қайраттың бұрынғы әндерінде менің қолтаңбам бар.

Кейін жұмыс көбейгесін Қайраттың көмекшілері пайда бола бастады. Оған дейін концерт арасында тіпті ән айтатын әнші болмайтын. Сондай уақытта өзім сахнаға шығып, көрермен арасынан жанды дауыста Қайраттың әнін айтқызып, Қайраттың костюмін, дискісін беретінбіз. Ол уақытта Қайрат бір шыны шайын ішіп, киімін ауыстырады. Сосын киімін фенмен кептіріп, есіктің алдындағы билетті жыртып, плакатты да ілетінмін", - деді Гүлзира Айдарбекова.

Қайрат Нұртастың анасы баласының киімдеріне түрлі түсті тасты "Көз тимесін" деген ырыммен жабыстырғанын да ашып айтты.

"Байқасаңыз, Қайраттың киімдерінің көбісі түрлі тастармен. Соның бәрін "Көз тимесін" деп ырымдап, өзім жабыстырып шығатынмын.

Ең басында Қайратты әнші болсын деген кезімде, "Осы балаң жұлдыз сияқты жүгіресің де жүресің" деп жұрт кекететін. Сонда жылап жататынмын. "Осыдан мойындатсам екен" деп елестететінмін", - деді жан сырын ақтарған Қайрат Нұртастың анасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047195-zylap-zatatynmyn-gulzira-aidarbekova-uly-qairattyn-tanymaldygy-zolynda-qandai-qiynsylyqty-bastan-keskenin-aitty/

pixel