Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұсыныс жасамадым": Аманғали Сыпабеков әйелімен алғаш танысқан кезін есіне алды

Опубликовано:

Аманғали Сыпабеков әйелімен
Аманғали Сыпабеков әйелімен. Видеодан кадр: Youtube/Khabar TV

Отандық танымал әзілкеш Аманғали Сыпабеков отбасылық өмірі жайлы сөз қозғап, келіншегімен танысқан кездегі қызықты оқиғасын бөлісті. Өнер иесі сүйіктісінің ата-анасымен танысқан кезде қатты уайымдағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аманғали Сыпабековтің шаңырақ көтергеніне биыл 7 жыл болған. Өнер иесі бүгінде отбасылық өмірі қалай өтіп жатқанын "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтып берді.

Әзілкеш сұхбат барысында келіншегімен және оның ата-анасымен танысқан кезін есіне алып, көпшілікті күлдірді. Ол сүйіктісінің қолын сұрауға барғанда басқа адамды әкесі деп ойлап қалған.

"Жеті жыл деген кеше ғана сияқты. Ұрыспаймыз деп өтірік айтпай-ақ қояйын. Арасында ұрысып қалатынымыз бар. Бірақ соншалықты қатты ренжіспейміз. Құдайға шүкір, өзімді бақытты адаммын деп айта аламын. Келіншегіме басқа жігіттер сияқты тізерлеп ұсыныс жасамадым. 31 жаста үйлену деген қиын ғой. Бәрі жан-жақтан сұрап, тіпті кейбірі қыздарымен таныстырмақ болды. Басында үйленемін деген тірліктер болды. Бірақ болмай қалды. Кейіннен үш-төрт жылдан соң, Маралды кездестірдім. Әуежайдан түскенде әпкем "үйге соғып" кет деді. Барсам дастархан жайып қойыпты. Әпкем "қазір біреу келеді" деді. Сол кезде Марал келді.

Кейін ата-анасымен танысуға барғанда өзіме өте сенімді болдым. Бірақ Маралдың әкесі полиция қызметкері екенін естігенде кішкене уайымдап қалғаным бар. Үйге барғанда қайын атам қабағын түйіп алған. Әзілдерім өтпейді. Қайынатама ұрындым деп ойладым. Қасындағы досы болса өте көңілді болды. Менімен біраз сөйлесіп, әңгіме айтты. Сосын далаға шыққанда жанағы досы деп жүрген кісі папасы екенін білдім. Қызық жағдай болды", - деді әзілкеш.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047216-usynys-zasamadym-amangali-sypabekov-aielimen-algas-tanysqan-kezin-esine-aldy/

pixel