Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы Айжан Байзақова күйеуін туған күнімен ерекше құттықтады (видео)

Опубликовано:

Айжан Байзақова күйеуімен
Айжан Байзақова күйеуімен. Фото: Instagram/bayzakova

Қазақстандық танымал блогер әрі актриса Айжан Байзақова күйеуі Арыстан Нұрбекке ерекше тосынсый жасап, туған күнімен құттықтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі жұлдызы ерекше отбасылық сәттің видеосын Instagram парақшасында бөліскен. Бейнежазбада Байзақова күйеуінің жақын достарының басын қосып, оған тосынсый жасағанын көруге болады.

Арыстан Нұрбек үйге кірген бойда жиналған көпшілікті көріп, таңғалып қалған. Блогер ару отағасының туған күнін жанұясымен тауда атап өтетінін айтты.

"Бүгін тойлатамыз деп жоспарламадық. Бәрін 7 желтоқсанға қалдырғанбыз. Достарымызға дастархан жаймаймын деп бірден айттым. Күйеуімді құттықтаймыз да қайтамыз дедім. Достарымыз келіп, Нұрбектің көңіл-күйін көтерді. Жолдасым күні бойы көліктің жұмысымен жүріп, шаршап келген еді. Мен оған тауға киетін киім сыйладым. Сол себепті туған күнін тауда атап өтетін боламыз", - деді Байзақова.

Айжан Байзақованың Stories-i
Айжан Байзақованың Stories-i: Instagram/bayzakova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047231-atysuly-aizan-baizaqova-kuieuin-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady-video/

pixel