Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәріне түсіністікпен қарадық": Гүлзира Айдарбекова Заңғардың бірінші әйелі жайлы айтты

Опубликовано:

Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен және анасымен
Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен және анасымен. Фото: instagram/gulziraaidarbekova

Гүлзира Айдарбекова бұрынғы кенже келіні сыр шертті. "MOM’skий әңгіме" бағдарламасында продюсер Заңғардың бірінші әйелі Жібекке қатысты ел көкейіндегі сауалға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова Заңғардың бірінші әйелі Жібек жайлы айтты.

"Халық біресе, Заңғардан көреді. Біресе, менен көреді. Шапалақты ұрсаңыз, дыбыс екі қолдан шығады. Ол бір жақтан болмайды. Ол біреудің еркелетіп өсірген қызы. Ол үйінде көп тұрмаған, мектеп бітіргесін шетелде болған. Өзімен-өзі жайлы өмір сүріп қалған қыз. Үлкен әулетке келіп, сіңісіп кетуі де қиын. Оның бәріне түсіністікпен қарадық. Кетер келін кетті ғой.

Келген кезде халық "Түрі мынадай", "Көзі мынадай" деп тыныштық бермеді. Енді кеткен кезде "Сол келін дұрыс па еді" деп, жанашырлық білдіріп жатыр", - деді Гүлзира Айдарбекова.

Айта кетейік, осыған дейін Гүлзира Айдарбекова Заңғардың жаңа келіншегі жайлы айтқан болатын. Продюсер баласының отбасына халықтың сыны кері әсерін тигізіп жатқанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047283-barine-tusinistikpen-qaradyq-gulzira-aidarbekova-zangardyn-birinsi-aieli-zaily-aitty/

pixel