Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арқам ұстап отыр": Актер Жүсіп Ақшораға келіні пранк жасап, елді күлдірді (видео)

Опубликовано:

Жүсіп Ақшора мен келіні
Жүсіп Ақшора мен келіні. Видеодан кадр: Instagram/dinara_sailaubaikyzy

Қазақстандық танымал әзілкеш Жүсіп Ақшораның келіні оған пранк жасап, елді күлкіге қарқ қылды. Динара Сайлаубайқызы қайын атасының қасына отырып алып, тоқтамай ән айта берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Блогер ару жұлдызды қайын атасына жасаған пранктың видеосын Instagram парақшасында бөліскен. Бейнежазбада актердің дастархан басында тамақ ішіп отырғанын көруге болады. Кейін қасына келіні отырып, тамақ жасап жатып әндете бастайды.

Жүсіп Ақшора келінінің өлең айтқанына таңғалып, күлкісін тыя алмады. Динара Сайлаубайқызы көңілді әндерден кейін мұңды өлең оқып, қайын атасына бұрынғы ғашығы есіне түсіп кеткенін айтады.

Жүсіп Ақшора бұл сөздерден кейін келіні ұлын жақсы көретініне күмәнданып қалған. Алайда артынан блогер ару оған бұл пранк болғанын айтып, атасынан кешірім сұрайды.

"Атам "ертең гастрольге кетемін ұзақ уақытқа" деген соң, атаммен бір видео түсіріп алайын, пранк жасап көрейін дегем ғой. Ойыма келген бар идеям осы болды енді", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047396-arqam-ustap-otyr-akter-zusip-aqsoraga-kelini-prank-zasap-eldi-kuldirdi-video/

pixel