Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баламызды баса беріппіз": Гүлзира Айдарбекова келіндерін көп жақтайтынын айтты

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова
Гүлзира Айдарбекова. Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Продюсер Гүлзира Айдарбекова үнемі баласына ұрысып, келінін жақтау арқылы қателік жібергенін айтты. Хитменнің анасы "MOM’skий әңгіме" бағдарламасында көпшілікке жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Нұрекең екеуіміз баламызға көп ұрысамыз. "Келіндікі дұрыс" дейміз. Бізде қателік те көп болды. Келінге "Қатты ұста", "Жіберме", "Келіспей қой", "Хабарласып, қайт деп айт" дейміз. Кез келген жерде баланы сәл төмен ұстап, келінді жоғары шығарамыз.

Негізі аналардың есінде болсын! Келін жақтырса да, жақтырмаса да "Жолдасың біледі", "Күйеуіңнен сұран" деу керек екен. Балаң жібермей тұрған жерге "Жоқ, балам. Барсын" демеу керек екен. Ол кезде келін бетімен кетеді екен. Екеуі бір мәмілеге келуі үшін, балаңызды аяқтың астына салып бермеңіз. Біз "Келін жылап қалмасыншы", "Балам келмей қалды", "Келін жылап шай бермесінші" дейміз. Баламызды көп қысамыз. Оны негізі келіннің өзі істеуі керек екен. Біз сол жағынан қате жібердік. "Сенікі дұрыс емес" деп баламызды баса беріппіз", - деді Гүлзира Айдарбекова.

Сонымен қатар Қайрат Нұртастың анасы келіндеріне қоятын міні жоқ екенін жеткізді.

"Келіндердің бәрі жаман емес. Түсінігі бар. Ешқайсысына қоятын мінім жоқ. Қалай жүрсе де өзі біледі. Өз өмірі, өз білімі бар. Бізде де қателік болды. Айналып келгенде, тәртіп болуы үшін ене мен келін құрбы болуы керек. Себебі, сен - балаңды жақсы көресің. Келін - сенің балаңды жақсы көреді. Сонда екеуің бір адамды жақсы көресіңдер", - деді продюсер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047405-balamyzdy-basa-berippiz-gulzira-aidarbekova-kelinderin-kop-zaqtaitynyn-aitty/

pixel