Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұрмысқа шыққым келмейді": Әнші Шахизадаға бейтаныс азамат ұсыныс жасады (фото)

Опубликовано:

Шахизада
Шахизада. Фото: instagram.com/shahizada.art

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Шахизада Байпатшановаға белгісіз ер азамат үйленуге ұсыныс жасады. Ер адам осы жылдың соңына дейін үйленгісі келетінін айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы өнер иесі Instagram желісінде айтып берді. Шахизада өз парақшасында жүзіктің суретін жариялап, бейтаныс азаматтың жолдаған хатын бөліскен.

Ол әншіге деген сезімін білдіріп, осы жылдың соңына дейін үйленуге ұсыныс жасаған.

"Кеш жарық, Шахи! Болжаушылар келесі жылы үйленуге болмайтынын айтты. Мен саған тез арада жаңа жылға дейін үйленгім келеді. Оның үстіне біз жас емеспіз. Сол үшін ашық сөйлесейік, маған ұнайсың", – деп жазды ғашық жігіт. 

Алайда шоу-бизнес жұлдызы алдағы уақытта тұрмысқа шыққысы келмейтінін айтты.

"Қайырлы кеш, жақсыларым! Осындай ұсыныс түсіп жатыр. Күйеуге шыққым келмейді. Не істесем екен деп ойланып отырмын", – деп жазды әнші. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047467-turmysqa-syqqym-kelmeidi-ansi-saxizadaga-beitanys-azamat-usynys-zasady-foto/

pixel