Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақытын тапса екен": Гүлзира Айдарбекова бұрынғы келіні Жібек жайлы айтты

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова балаларымен
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Гүлзира Айдарбекова кіші ұлы Заңғардың бірінші әйеліне ренжімейтінін, бақыт тілейтінін айтты. "MOM’skий әңгіме" бағдарламасында продюсер көпшіліктен бұрынғы кенже келінімен ажыраспай тұрып сөйлескенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Екеуі бірге тұра келе, бір-бірінің адамы емес екенін жақсы түсінген секілді. "Өмірін бұзбай-ақ қояйын. Мүмкін өз адамын табар" деген ниетте болды. Халық о баста Жібекке тиісті ғой. Енді Индираға тиісіп керегі жоқ сияқты. Оны өмірінен алып тастай алмайды ғой. Құдайдың маңдайына салғаны.

Жастарға біздің емес, адамдардың азғыруы көп әсерін тигізеді ме деп ойлаймын. Бізден бұрын халықтың сөзі құртады ма деп қаламын. Кетті ма, оған да маза бер. Жүрегін ауыртпа.

Жібекке ренжімеймін. Ешқандай жамандық тілемеймін. Өз бақытын тапса екен, бізге реніші болмаса екен деймін. Мен Жібекке ренжімеймін. Кететін кезде "Менен кінә болса, барлығын айт" дедім. "Сені бір жерге жібермеген кезім болды ма?", "Отырса - опақ, тұрса - сопақ деген кезім болды ма?", "Анда-санда келгенде, не зияным тиіп қойды" деп сұрадым. Болмайтынына көзім жеткенде, "Жарайды" деп келістік. Арада бала болмай тұрғанда, өз бақыттарыңды табыңдар" дедік", - деді Гүлзира Айдарбекова.

Айта кетейік, осыған дейін Гүлзира Айдарбекова Заңғардың жаңа келіншегі жайлы айтқан болатын. Продюсер баласының отбасына халықтың сыны кері әсерін тигізіп жатқанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047478-baqytyn-tapsa-eken-gulzira-aidarbekova-buryngy-kelini-zibek-zaily-aitty/

pixel