Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұлдызды жұлдыз етем": Гүлзира Айдарбекова үлкен келінінің ата-анасына уәде бергенін еске алды

Жарияланған күні:

Гүлзира Айдарбекова, Жұлдыз Әбдікәрімова
Гүлзира Айдарбекова, Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова үлкен келінін жұлдыз етуді армандаған кезін еске алды. Продюсер "MOM’skий әңгіме" бағдарламасында Жұлдыз Әбдікәрімованың ата-анасына келінін танымал етуге уәде бергенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жұлдыздың әке-шешесіне, достарына дастарқан басында "Алла қаласа, Жұлдыз етегін жинап, балалары өссін. Қайраттың Жұлдызы емес, Жұлдыздың өзін жұлдыз етем" деп уәде еттім.

Жұлдызға да "Сенің суретің көшеде ілініп тұрады. Ең сұлу келіншек деген атаққа ие боласың" дедім. Бастаймын деп уәде бергеннен кейін осы киноны Жұлдызға түсірттім. Жаман болған жоқ. Сол күннен бастап Жұлдыздың атағы аспандады", - деді Гүлзира Айдарбекова.

Сонымен қатар Гүлзира Айдарбекова не үшін Жұлдызды ертерек өнер әлеміне әкелмегенін түсіндірді.

"Жұлдыз актрисалықты оқыды ғой. "Оны биікке шығарам" деген арманмен келдім. Осы жылдар ішінде ұлды болды, қызды болды. Егер мен Жұлдызды ертерек шығарғанымда, олардың тағдыры мүлде басқаша болар ма еді? Немерелерім туылар ма еді, туылмас па еді?

Жұлдыздықты көп адам көтере алмайды. Ол кезде ұрыс-керіс болады. Қиындық көргеннен кейін "Гүлзира төменге түс" деп өзімді басып отырамын. Өз балаңды тәрбиелей аласың. "Алма ағашы жеміс салған сайын иіледі" деймін. Оны Қайрат біледі. Ал келін сенің айдауыңа көне қоймайды ғой. Сол үшін бұрын шығарғанда басқаша болар ма еді? , - деді продюсер.

Айта кетейік, осыған дейін Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыздың 19 жасында келін болып түскенін баяндаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047594-zuldyzdy-zuldyz-etem-gulzira-aidarbekova-ulken-kelininin-ata-anasyna-uade-bergenin-aitty/