jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Орны толмас қаза": қазақстандық жұлдыздар Ақжол Мейірбековті еске алуда

Ақжол Мейірбеков пен Мейрамбек Бесбаев
Ақжол Мейірбеков пен Мейрамбек Бесбаев. Видеодан кадр: Instagram/m_besbaev

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мейрамбек Бесбаев өмірден өткен Ақжол Мейірбековке желіде жазба арнады. Өнер иесі "Дос-Мұқасан" ансамблі солисінің қазасын аса ауыр қабылдаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мейрамбек Бесбаев өнердегі ағасына арнаған жазбасын Instagram парақшасында жариялады.

"Қазақ эстрадасының негізін қалаған, қашан көрсеңде маңайына күлкі сыйлап, нұрын шашып жүретін Ақжол ағамызда мәңгілік мекеніне аттанды. Сіздің жарқын бейнеңіз, жадырап жүретін жүзіңіз жүректің төрінде жылы естелік ретінде сақталып қалатын болды. Жаныңыз жаннатта болсын. Қош болыңыз жақсы аға", - деп жазды әртіс.

Әнші Ерлан Көккев те Ақжол Мейірбековты еске алып, оның жақындарына көңіл айтты.

"Ақжол ағамен өте жақын араласатынбыз. Ол кісі маған аға, әріптес әрі ұстаз болды. Сонымен қатар құда, ортаншы қызымның кіндік әкесі болды. Осындай талантты жандардың ерте кетіп жатқаны өте өкінішті. Бұл қазақстандық музыкалық мәдениеті үшін орны толмас қаза болды", - деп жазды ол.

Оған қоса Жазира Байырбекова мен Диана Шарапова да Ақжол Мейірбековтың отбасына қайғыра көңіл айтты.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.