jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Ата-әжесінің тұңғыш немересі": Екінші ұлын дүниеге әкелген Ерке Есмахан өз әсерін бөлісті

    Ерке Есмахан
    Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан босанғаннан кейін желіде өз жағдайын бөлісіп, құттықтап жатқан көпшілікке алғысын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ерке Есмахан екінші ұлын дүниеге әкелгеннен кейін желіде байланысқа шығып, өзіне жылы лебізін білдіріп жатқан көпшілікке алғыс айтты.

    Өнер иесі баласы екеуінің қазіргі жағдайын бөлісіп, екі баланың анасы болу қандай екенін жеткізді. Әнші әзірге перзентханада екенін айтты. Ол бірер күннен соң үйіне оралмақ.

    "Сәлем, қазақ елі. Алдарыңызда Райымбектің жан жары, екі ұлдың анасы, әнші Ерке Есмахан. Аллаға шүкір. Жанұямыздағы үлкен қуанышпен құттықтаған әрбір жанға шын жүрегімізден алғысымызды айтамыз. Жылы лебіздеріңізге рахмет. Сіздерге де жұғысты болсын. Шаңырақтарыңызда сәбидің дауысы естілсін. Барлық арман тілектеріңіз орындалсын. Бақытты болыңыздар.

    Әні мен бейнебаяны бар бөпетай аман-есен дүниеге келді. Осы күнге де жеттік-ау. Қазір бақытты сәттер мен ерекше сезімдерді бастан өткеріп жатырмыз. Әрине тәтті күндер мен ұйқысыз түндерде қалыс қалар емес. Әсіресе түнде әкесі екеуіміздің жағдайымыз қиындау болып тұр. Әзірге перзентханадамыз. Жағдайымыз Аллаға шүкір керемет. Бір-екі күнде үйімізге қайтамыз", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

    Ерке Есмаханның Stories-i
    Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

    Сондай-ақ өнер иесі толғағы қалай басталғаны туралы да айтып берді.

    "22 қарашада сезгендей заттарымды жинастырып, бір түрлі болып, суретке түсіп, стористар салып жүрдім. Естеріңізде ма? Сезімім алдамады. Содан қызықтың бәрі басталды. Түнгі 03:47-де Алланың қалауымен Райымбекұлы келді. Байбақты елінің ұрпағы. Атасы мен әжесінің тұңғыш немересі. Мен оған ұл сыйладым. Ол маған гүл сыйлады" , - деп жазды Ерке.

    "Ата-әжесінің тұңғыш немересі": Екінші ұлын дүниеге әкелген Ерке Есмахан өз әсерін бөлісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.