Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Өзбекстанда қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің концертінде адамдар кептеліп қалған (видео)

Опубликовано:

Адамдар кептелді
Концертте кептелген адамдар. Видеодан кадр: instagram.com/gazetauzb

Кеше Ташкентте рэпер Jah Khalib-тің концерті өтті. Бірақ көптеген жанкүйерді ішке кіре алмай, салдарынан төбелес шыққан. Қазір оқиғаның мән-жайын тәртіп сақшылары зерттеп жатыр, деп хабарлайды Gazeta.uz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өзбекстандық басылымның Instagram парақшасында хабарлауынша, Ташкентте өткен Jah Khalib концертіне мыңдаған адам кіре алмады.

"Олар әлеуметтік желілерде билеті барларды да кіргізбегенін жазды. Нәтижесінде Humo Arena маңында қазақстандық рэпер жанкүйерлеріне наразы топ жиналды. Кейіннен жағдай ушығып, төбелес пен тәртіпсіздікке ұласты", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге Өзбекстан Ұлттық гвардиясы тәртіпсіздік жасағандар тез арада аренадан қауіпсіз жерге шығарылып, ешкім зардап шекпегенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта ведомство оқиғаны зерттеп жатқанын хабарлады. Олар алдағы уақытта тексеру нәтижесін хабарлауға уәде берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047661-baq-ozbekstanda-qazaqstandyq-reper-jah-khalib-tin-koncertinde-adamdar-keptelip-qalgan-video/

pixel