jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Роза Әлқожа ұлының тойынан кейін Дубайға демалуға ұшып кетті (фото)

    Роза Әлқожа
    Роза Әлқожа. Фото: instagram.com/roza_alqozha

    Қазақстандық танымал әнші Роза Әлқожа жеке концертін өткізіп, тұңғышын үйлендірген соң өзіне демалыс жариялады. Өнер иесі кенже қызымен бірге Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшып кеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Эстрада жұлдызының шетелге аттанғаны жайлы Instagram парақшасынан белгілі болды. Роза Әлқожа Дубайдан фото бөлісіп, демалысы қалай өтіп жатқанын айтты.

    Өнер иесі бұл жолы сапарға кенже қызы мен жақын туыстарын алып барған. Әнші шетелге шықса да, үш күннен кейін елге оралғысы келіп тұратынын жеткізді.

    "Қызымның шетелге шығатын кезегі еді. "Дубай деген немене, барамыз Алла қаласа" дей салатынмын. Бұл жолы ағам мен жеңгем бірге барайық деді. Әрі концерттің шаршауы бар, тойдың стресі болды. Көп ойланбадық. Енді елге қайтқымыз келіп жүр. Үш күннен соң бәрі жалықтырады, иә?! Баршаңызға бұйырсын", - деп жазды әртіс.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.