Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алтыншы перзентпін": Айгүл Қосанова отбасы жайлы құпиясын бөлісті

Опубликовано:

Айгүл Қосанова
Айгүл Қосанова. Фото: instagram.com/aigulkossanova

Дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова Маңғыстау өңірінің тумасы екенін айтты. Өнер иесі "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында көпбалалы отбасыдан шыққанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Маңғыстау өңірінің қызымын. Ауылға жиі барамын. Айына бір-екі рет баруға тырысамын. Анам, туыстарым бар. Анам әкемді 33 жыл бақты. Сондықтан сыртқа шыға бермеді.

Анам да, әкем де Маңғыстаудың тумасы. Екеуі де мұнайдың айналасында жұмыс істеді. Қазір анам 80-нен асты, зейнеткер.", - деді Айгүл Қосанова.

Сонымен қатар дәстүрлі әнші көпбалалы отбасыдан шыққанын айтты.

"Мен үйдің алтыншы перзентімін. Жалпы үйде 7 баламыз: алты қыз бен бір ұл. Төрт апам, бір сіңілім, бір ағам бар. Барлығы Ақтауда тұрады. Өнерді тек мен таңдадым. Бірақ үйде бәріміз ән айтамыз", - деді Қосанова.

Айта кетейік, осыған дейін Айгүл Қосанова 4 қабатты зәулім үйін көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047709-altynsy-perzentpin-aigul-qosanova-otbasy-zaily-qupiyasyn-bolisti/

pixel