Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдыз Әбдікәрімова руын сұраған блогерге ашуланып, жауап беруден бас тартты (видео)

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өткен демалыста подиумға шығып, өзін модельдік қырынан танытты. Алайда мерекелік шара кезінде ыңғайсыз жағдай орын алды. Өнер иесі жиналған көпшілік ішінде сұрақ-жауап жүргізген блогерге ашуланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімованың қатысуымен болған видео Instagram желісіндегі парақшаларға тарап кеткен. Онда актрисаның өзінен руы мен туған жерін сұраған блогерге ашуланып, жауап беруден бас тартқанын көруге болады.

"Қазақ бөлінбеген. Мен де бөлінбеймін. Мені білмей-ақ қойсыншы", - деп қысқа қайырды Жұлдыз.

Айта кетейік, сән салтанатына қатысқан өзге жұлдыздар бейнежазбаның жалғасында аталмыш сұраққа жауап берген.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімованың ата-анасына берген уәдесі туралы айтып берген еді. Ол үлкен келінін болашақта жұлдыз етуге сөз берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047733-zuldyz-abdikarimova-ruyn-suragan-blogerge-asulanyp-zauap-beruden-bas-tartty-video/

pixel