jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Бөлек тұрдық": дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова келіндік өмірдің машақатын көрмегенін айтты

    Айгүл Қосанова қызын ұзатты
    Айгүл Қосанова қызын ұзатты. Скриншот: instagram.com/tamara_assar_official

    Әнші Айгүл Қосанова үш баласы мен жолдасы жайлы баяндап берді. Өнер иесі "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында келіндік өмірдің машақатын көрмегенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Үш баламыз бар. Отау құрғанымызға 25 жылға жақындады. Отағасы қазір шипажайда. Балалар сабаққа кетті.

    Жақында үлкен қызымызды ұзаттық. Тағы бір баламыз қосылды. Атырау елімен құда болдық. Қызым бақытын өз ортасынан тапты. Қызым - кино режиссер. Күйеу балам - кино оператор. Алғашқы той, қобалжу болды", - деді бағдарламада Айгүл Қосанова.

    Сонымен қатар өнер иесі өзі келін болған жылдарын еске алды.

    "Қызымды босанғаннан кейін екі жыл декреттік демалыста отырдым. Оған белгілі себептер болды. Балалығым болды. Одан кейінгі балаларымды босана салып, 40 күннен кейін жұмысқа шықтым.

    Ата-енеден бөлек тұрдық. Келін болып, таңертең ерте тұрып, сәлем салу деген нәрсе болмады. Бөлек тұрдық. Ал көріскенде әр нәрсе жөнімен, жолымен болатын. Мен келін болып қиналдым деп айта алмаймын", - деді дәстүрлі әнші.

    Айта кетейік, осыған дейін дәстүрлі әнші 4 қабатты зәулім үйін көпшілікке көрсетті.

    "Бөлек тұрдық": дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова келіндік өмірдің машақатын көрмегенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.