Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басымнан ұрып, ауруханадан шықтым": Бақыт Шадаева екінші некесі неге сәтсіз аяқталғанын айтты

Опубликовано:

Бақыт Шадаева
Бақыт Шадаева. Фото: instagram/bakhyt_shadayeva

Қазақ эстрадасының жұлдызы Бақыт Шадаева бірінші некесі сәтсіз аяқталған соң, он жылдан кейін екінші рет тұрмысқа шыққан. Өнер иесі бақытымды таптым деп жүргенде тағы да қателескенін түсінген. Ол екінші некесінде тұрмыстық-зорлық зомбылық болғанын мойындады. Әнші күйеуінің қызғанышы салдарынан бірнеше рет ауруханаға түскенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бақыт Шадаева екінші некесіне қатысты бар шындықты "Менің өмірім" бағдарламасында баяндады. Айтуынша, жолдасы оны өзі іздеп тауып, танысқан. Екеуі енді сөйлесе бастаған кезде ер адам отбасымен әншінің үйіне құда түсіп келген.

Шадаева сүйіктісінің үйленуге асығыстығы алаңдатқанын жасырмады. Бірақ ойлана келе оған тұрмысқа шығуға келісімін берген.

"Он жылдан кейін екінші рет тұрмысқа шықтым. Білімді, жақсы жігітті кездестірдім. Сол кезде көлік сатып алғанмын. Үйрену үшін ескі көлік алдым. Бір күні көліктің алғашқы иесі хабарласты. Темір тұлпарды мен сатып алғанын біліп, танысқысы келіпті. Ән жазамын деп айтты. Біз өнер адамдары ән туралы сөз болса, жақын тартып тұрамыз. Үйіне шақырды. Анасымен де таныстым. Сол жерде пианинода ойнап, өнерін көрсетті. Негізі өзі заң саласында сот болып жұмыс істейді екен. Солай танысып, жақсы қарым-қатынаста болдық. Ол ажырасқан. Маған анасы баласына жаңадан келіншек іздеп жүргендей көрінді. Менің есімім белгілі. Жүріс-тұрысымда бүкіл Қазақстан біледі.

Екінші жолдасым үйге барлық туыстарымен бірге құда түсіп келді. Алайда мен олардың қатты асыққандарына таңғалдым, себебі менің гастрольден келген кезім, екеуміз аса сөйлесіп те үлгерген жоқпыз. Анам менің өнер жолында жүргенімді, менің халықтың қызы екенімді, барлығын түсіндіріп айтты. Олар бәрін білетінін, түсінетінін жеткізді. Солай үйлендік, мен де қуандым. Әрбір әйел бақытты болуға лайықты. Біз балаларымыз болса да, отбасылы болғанды қалаймыз. Олардың көз алдарында да жанұялы, жанында қорғаушысы болғанын қалаймыз", - деді әнші.

Алайда өнер иесі екінші некесінде де бақытты бола алмаған. Айтуынша, күйеуі оны қатты қызғанып, қол көтеріп тұрған. Тіпті басына тиген соққылардан кейін әртіс ауруханаға түскенін жеткізді.

"Тойдан кейін Қарағандыға барып тұрдық. Жолда кетіп бара жатқанда телефоныма тыным жоқ, адамдар хабарласып жатыр. Бір уақытта бір кісі қоңырау шалып қалды да, "Бақыт Шадаевасыз ба? Мен шынымен Бақыт Шадаеваның даусын естіп тұрмын ба? Мен сізді қатты жақсы көремін" деді. Қасымда жолдасым келе жатыр. Мен сасқанымнан рақмет айтып жатырмын. Сол сәтте ол қолымнан телефонымды жұлып алып, көліктің ішінде сындырып жіберді.

"Мен не болып қалды" деп, ештеңе түсінбей қалдым. Оның қылығынан қорқып кеттім. Оның көзі аларып кеткен, "сені жақсы көрем деп жатса, сен оған мәзсің" деді. Осындай қызғанышынан мен бірнеше рет ауруханаға түстім. Басымнан ұрып, мен талып қалып қалған кездер болды. Үшінші рет қол көтеріп, басымды соққан кезде "мен бұған шыдап тұра алмаймын, доғар" дедім. Кішкентай қызым күтусішімен Алматыда қалды. Мен оның жағдайын жасауым керек. Ал мен болсам Қарағандыда жүрмін. Күндіз-түні ұрыс-керіс болды", – деді Шадаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047783-basymnan-uryp-auruxanadan-syqtym-baqyt-sadaeva-ekinsi-nekesi-nege-satsiz-ayaqalganyn-aitty/

pixel