Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Блогер Superpapa Серік әйелі мен ұлын перзентханадан шығарып алды (видео)

Опубликовано:

Superpapa
Superpapa. Скриншот: instagram.com/superpapa_serik

Көпшілікке Superpapa Серік лақап есімімен танымал блогер Серік Тілеулесовтің жақында төртінші перзенті дүниеге келді. Блогер әйелі мен ұлын перзентханадан шығарып алған сәтті Instagram желісінде бөлісті, деп хабарлайды KAZNUR.KZ.

Серік Тілеулесов бұл күннің жұбайының есінде ерекше қалуы үшін тырысқан.

Ол дастархан жайып, жақындары мен достарын шақырған.

"Біз үйдеміз. Құттықтауларыңызға рахмет", - деп жазды блогер.

Ал видеодан перзентхана алдында блогердің жақындары құшақ толы гүлмен жиналып, оның жұбайын күтіп алғанын көруге болады.

Желі қолданушылары Серік Тілеулесовтің отбасына ақ тілегін арнады.

"Бақытты болыңыздар", "Керемет әке", "Құттықтаймыз", "Бауы берік болсын", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047906-bloger-superpapa-serik-aieli-men-ulyn-perzentxanadan-sygaryp-aldy-video/

pixel