jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Көрмеймін дедім": Абай Бегей күйеу баласымен неге таныспай қойғанын айтты

    Абай Бегей қызымен
    Абай Бегей қызымен. Фото: Instagram/abai_begei

    Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Абай Бегей үлкен қызы тұрмысқа шығамын дегенде не себепті күйеу баласымен кездесіп, таныспай қойғанын ашып айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Өнер иесі қызы таңдаған ер азаматпен неге таныспай қойғанын "Ұрпақ" подкастында түсіндіруге тырысты. Сөзінше, оның бұл тұрғыда ұстанатын өмірлік қағидасы бар екен.

    Абай Бегей ақыры күйеу баласымен алдын ала таныспай, оны тойда бір-ақ көрген. Әнші бүгінде де қызының күйеуімен аса жақын араласпайтынын жасырмады.

    "Қызым "тұрмысқа шығамын" деді. Жақсы деп, бірден келісіміді бердім. Сосын маған "күйеу баламен таныстырайын деп едім" деді. Мен "күйеу бала маған ұнамай қалған жағдайда оған шықпай қаласың ба?" деп сұрадым. "Жоқ шығамын, соны қаладым" деді. "Онда маған көрсетпе, мен оны көрмеймін" дедім. Ұзату тойын жасадым. Тойда 700 адам болды.

    Тойын жасап, батасын бердік. Күйеу баланы сол кезде көрдім. Амандастым да, қызымды тапсырдым. Болды. Әлі күнге дейін мен күйеу балама телефон соқпаймын. Ол кейде маған құттықтап, хабарламалар жіберіп тұрады. Менің ұстанымым сондай. Егер маған адам ұнамай қалса, мен жаман болып қаламын. Кейін өтірік араласа алмаймын. Сосын қызыма тойдан кейін "маған күйеу баланы жамандама" дедім", - деді Абай Бегей.

    "Көрмеймін дедім": Абай Бегей күйеу баласымен неге таныспай қойғанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.