Ұлын үйлендірген Өмірқұл Айниязов келінінің қалыңмалына қанша бергенін айтты
Жарияланған күні:
Тамыз айында ұлын үйлендірген әнші Өмірқұл Айниязов дүбірлі тойдың қызықтарын бөлісті. Өнер иесі келініне қанша қалыңмал бергенін ашып айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Өмірқұл Айниязов "Ұйқым келмейді" бағдарламасында қонақта болып, ұлының үйлену тойына қатысты ел білмейтін жайттарды ақтарды.
"Шығыс жақ орамал тақпайтыны болмаса, қалыңмалын да сұрамайды екен. Ол жағы жақсы екен. Бірақ біз елден қалмайық деп, халық қазір не беріп жатыр, соны бердік. Ырымын да, бәрін жасадық. Бізде Қызылордада оған қатты қарайды. "Өмірқұл келініне ештеңе апармапты" деп өзіміздің де адамдар айтуы мүмкін. Нұртас (Айдарбеков - ред.) сияқты бердім деп айтпай-ақ қояйын. Сол әкесінің жағалы киімі бар, анасы мен қызының гауһартасты бұйымдары бар. Соның барлығын қосқанда он мың доллар болмаса да, соған жақындап қалды", - деді әртіс.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047976-ulyn-uilendirgen-omirqul-ainiyazov-kelinine-qansa-qalynmal-bergenin-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.