Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сұраған да жоқпыз": Өмірқұл Айниязов ұлына өмірлік жарын өзін таңдап бергені рас па

Опубликовано:

Өмірқұл Айниязов пен жұбайы
Өмірқұл Айниязов пен жұбайы. Фото: instagram.com/farida_ainiyazova

Қазақстандық танымал әнші Өмірқұл Айниязов ұлы мен келіні қалай танысқанын айтып берді. Өнер иесі перзенті шаңырақ көтермей тұрып, оған өмірлік жарын өзі таңдап беретінін айтқан еді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Өмірқұл Айниязов достарымен құда болғысы келіп, ұлына олардың қыздарын көрсеткен. Алайда ұлының таңдауы мүлдем басқа аруға түскен. Ол сүйіктісін өз досының үйлену тойында жолықтырған.

"Мен сөзімде тұрып, бір-екі досымның қызын көрсеткенмін. Біреуі Шымкентте, біреуі Әлжан деген досымның қызы. Бірақ сезімі басқаша болған шығар. Бір күні ұлым Семейге досының тойына барды. Сол жерде досының қарындасымен танысып, ұнатып қалыпты. Екеуі екі жылдай жүріп, үйленуді шешті. Біз қарсы болған жоқпыз. Біреулер секілді қай жердің қызы, отбасы қандай деп сұраған да жоқпыз. Ұлым жақсы көріп тұрған соң, батамызды бердік", - деді әнші "Ұйқым келмейді" бағдарламасында

Сонымен қатар Айниязов ата-ананың балаға жар таңдап беруіне қатысты пікір білдірді.

"Ата-ана балаға жамандық тілемейді. Танитын, білетін жерден келін алған дұрыс деген сияқты нәрсе бұрыннан айтылып келе жатыр ғой. Мүмкін ол ата-анасының таңдауымен бақытты болып кететін де шығар. Бірақ, қазіргі уақытта бала өз өмірлік серігін өзі тапқан дұрыс деп ойлаймын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047998-suragan-da-zoqpyz-omirqul-ainiyazov-ulyna-omirlik-zaryn-ozin-tandap-bergeni-ras-pa/

pixel