Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда денсаулығын тексертіп, елге оралған Фариза Төреәлі отбасымен қауышты (видео)

Опубликовано:

Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев
Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев. Фото: Instagram/farizatoreali

Отандық танымал блогер Фариза Төреәлі Түркияда денсаулығын тексертіп, елге жақсы жаңалығымен оралды. Төреғалидің қарындасы Астанаға оралған бойда отбасымен қауышты. Желі жұлдызының анасы бірден Алматыдан ұшып келген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фариза Төреәлі жанұясымен қауышқан сәтін Instagram парақшасында көрсетті. Бейнежазбадан үйінде енесі екеуінің тамақ әзірлеп, қонақтарды күтейін деп жатқанын көруге болады.

"Бүгін анашым ұшып келеді. Негізі папам да келуі керек еді. Бірақ жұмысы шығып қалып, таңда келетін болыпты. Анам екеуіміз дастархан жайып, дайындалып жатырмыз.", - деп бөлісті Фариза.

Одан кейін блогер ару әуежайға барып, өз анасы мен жиендерін күтіп алған видеосын жариялады.

"Негізі анам мен әкем өздері ғана келеміз деп, балалардың келетінін тосынсый жасағысы келген ғой. Бірақ, кеше маған Тоғжан қоңырау шалып, келетінін айтып қойды", - деп жазды Төреғалидің қарындасы.

Фариза Төреәлі қазіргі уақытта өзіне қолдау білдіріп, көмектесіп жатқан енесіне алғысын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2048016-turkiyada-densaulygyn-teksertip-elge-oralgan-fariza-toreali-otbasymen-qauysty-video/

pixel