Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"60 млн теңгенің сыйлығы": Мөлдір Әуелбекова ұлының туған күніне не сыйлағанын көрсетті (видео)

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Видеодан кадр: instagram.com/moldir.auyelbekova

Мөлдір Әуелбекова осыған дейін ұлының туған күніне құны 60 млн теңге болатын сый тарту еткенін айтқан болатын. Өнер иесінің айтуынша, тұңғышы сыйлыққа пәтер сұраған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы әнші Instagram парақшасында айтты.

"Ұлымның құны 60 млн теңге тұратын сыйлығы осы. Баламның қалауы пәтер болатын. Менің тағы бір үлкен жетістігім, қуаныштан бір жылап алдым.

Қолдаушы ата-анама және алға жетелеуші ұл-қызыма рақмет. Тілекші халқыма алғыс айтамын. Жұғысты болсын", - деп жазды әнші.

Видеодан әнші мен мен ұлының құрылысы мен жөндеу жұмыстары аяқталған пәтерді көруге барғанын байқауға болады.

Айта кетейік, осыған дейін Мөлдір Әуелбекова ұлы Салтайдың 7 жасқа толған мерейтойына орай 40 адамға дастарқан жайып, шоу бағдарлама ұйымдастырған болатын. Сонымен қатар әнші тұңғышына құны 60 млн теңге болатын сыйлық тарту еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2048106-moldir-auelbekova-ulyna-pater-satyp-aperdi-video/

pixel