jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Үйге келіп алғанбыз": Екінші ұлын босанған Ерке Есмахан қазіргі жағдайын бөлісті (фото)

    Ерке Есмахан
    Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

    Жақында ғана екінші ұлын дүниеге әкелген әнші Ерке Есмахан перзентханадан шығып, үйіне оралған. Өнер иесі өзге әріптестері секілді перзентханадан шыққан сәтін дүркіретіп тойлап, желіде жарияламаған. Бұл туралы жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ерке Есмахан өзінің перзентханадан шыққан сәтін асыға күткен оқырмандарына желіде жауап берді. Әнші бүгінде ұлымен бірге үйіне келіп алғанын хабарлады.

    Алайда ол бұл ерекше отбасылық сәтін Instagram парақшасында бөліспеген. Өнер иесі алдағы уақытта барлығын айтып, көпшілікке көрсетуге уәде етті.

    "Сәлем достар. Біз үйге келіп алғанбыз және суреттегідей жағдай басталып кетті. Туа салып, мына Ерке құтырып кетті ғой демесін деп, көз тимесін деп үлкендерді тыңдап кішкене инста әлемнен алшақтадым. Ертең барлығын айтып көрсетемін. Іздеп жатқан жандарға рахмет. Бізде бәрі керемет, Аллаға шүкір", - деп жазды әртіс.

    Ерке Есмаханның Stories-i
    Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

    "Үйге келіп алғанбыз": Екінші ұлын босанған Ерке Есмахан қазіргі жағдайын бөлісті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.