Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Әділгерей әйеліне су жаңа көлік әперді (фото, видео)

Опубликовано:

Бақыт Тұрман мен Қайрат Әділгерей
Бақыт Тұрман мен Қайрат Әділгерей. Фото: instagram/bakyt_turman

Актер Қайрат Әділгерей әйелінің арманын орындап, оның қалауындағы көлікті әперген. Бақыт Тұрман су жаңа көлігін Instagram парақшасында көпшілікке көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Құрметті достар, жанұямыздың жаңалығымен бөліскім кеп отыр. Көптен бері Бақытқа жаңа көлік сыйлауды армандап жүргенмін. Lexus NХ 250 көлігін алдық. Баршаңызға жұғысты болсын!

Бақыт құтты болсын! Былтыр алғымыз келген. Бірақ ыңғайы келмей, биыл қолымыз жетті", - деді видеода Қайрат Әділгерей.

Қайрат Әділгерей әйелімен
Қайрат Әділгерей әйелімен. Скриншот: instagram.com/kairat_adilgerey

Айта кетейік, әзілкеш әйеліне әперген Lexus NХ көлігінің нарықтағы құны - 35 млн теңгеден басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2048115-qairat-adilgerei-aieline-su-zana-kolik-aperdi-foto-video/

pixel