Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір жолаушы қайтыс болды": Өмірқұл Айниязов ұлының басына түскен сынақ жайлы айтты

Опубликовано:

Өмірқұл Айниязов. Кадр
Өмірқұл Айниязов. Кадр: instagram.com/omirkul_ainiyazov/

Қазақстандық танымал әнші Өмірқұл Айниязов үйлену тойы алдында ұлының басына түскен сынақ жайлы сөз қозғады. Өнер иесінің айтуынша, перзенті түскен жол апатында адам шығыны болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өмірқұл Айниязов ұлының басына түскен сынақ жайлы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты. Сөзінше, перзенті жол апатының салдарынан екі тісі мен иығын сындырып алған.

Ал көлікте болған басқа бір жолаушы жол-көлік оқиғасынан кейін қайтыс болған.

"Тойдың алдында балам жол апатына ұшырады. Шошытатын жағдай болды. Ауылда бір қарындасымыздың тойы болған. Мен басқа жақпен бардым. Нұртуған өзі "таксимен шығамын" деді. Неге ұшаққа мінбегенін білмеймін. Алматыдан Қызылордаға кешкі 9-10-дарда шыққан. Таңғы 8-8:30-да жүргізуші ұйықтап кетіп, тұрған "Газель" көлігіне соқтығысқан. Баламның екі тісі, иығы сынды. Артта отырған қыз бала қайтыс болып кетті. Иманды болсын.

Балама "сен де соның орнында болуың немесе мүгедек болып қалуың мүмкін еді, сондықтан Аллаға шүкір айт" дедім. Қалғандары аман болды. Бұл да бір тойдың алдындағы сынақ болған шығар деп ойлаймын. Қазір жақсы, бірақ әлі тісін салмадық. Оған уақыт, күтім керек екен", – деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2048119-bir-zolausy-qaitys-boldy-omirqul-ainiyazovtyn-uly-uilenu-toiy-aldynda-zol-apatyna-usyragan/

pixel