Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлзира Айдарбекова күйеуін пышақтап кеткен кезді еске алды

Опубликовано:

Нұртас Айдарбеков пен Гүлзира Айдарбекова
Нұртас Айдарбеков пен Гүлзира Айдарбекова. Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Продюсер Гүлзира Айдарбекова отбасының басынан өткен ауыр жағдайды көпшілікке баяндап берді. Ол Instagram парақшасында күйеуі Нұртас Айдарбекті өзге қалада пышақтап кеткен кезді есіне алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қайрат бес айлық болған кезде, Нұртасты тәжірибеден өтуі үшін Павлодар қаласына алып кетті. Ол кезде күйеуім әлі оқитын. Сол кезде 25 бала болып, дискотекаға барған. Жергілікті жердің 50-60 баласы бұларға жабылады. Олардың қолында пышақ болған. Сол жерде Нұрекеңе пышақ сұғады.

Ойлаңызшы, аяқ астынан сізге хабарласып, "Күйеуің пышақталды" дейді. Күйеуімнің не өлі, не тірі екенін білмеймін. Осымен жесір қаламын ба деп ойладым", - деп жан сырын ақтарды Айдарбекова.

Продюсер күйеуіне көмектесу үшін бес айлық баласы Қайратты Шымкентке салып жібереді.

"Содан Нұрекеңе көмектесемін деп шештім. Бес айлық Қайраттың тамақтарын дайындап, қайын ініме тапсырып, Шымкентке салып жібердім. Солай күйеуіме ұштым", - деді Гүлзира Айдарбекова.

Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова мен күйеуі Нұртас Айдарбектің үш ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2048205-gulzira-aidarbekova-kuieuin-pysaqtap-ketken-kezdi-eske-aldy/

pixel