Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяғы ауыр Джуринская Мальдив аралдарында қалай демалып жатқанын көрсетті (видео)

Опубликовано:

Жәния Джуринская
Жәния Джуринская. Фото: Instagram/djurinskaya

Отандық танымал актриса Жәния Джуринская отбасымен Мальдив аралдарына ұшып кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Бүгінде екінші перзентін күтіп жүрген өнер иесі ыстық мекенге аттанып, демалып қайтуды шешкен. Жұлдызды жанұяның таңдауы Мальдив аралдарына түскен.

Джуринскаяның демалысқа ұшып кеткені жайлы Instagram парақшасынан белгілі болды. Актриса желіде белсенділік танытып, оқырмандарына Мальдив аралдарында қалай демалып жатқанын көркетті.

Сондай-ақ бүгінде екінші перзентін күтіп жүрген актриса көпшіліктен көмек сұрады. Ол өзіне ұл балаларға арналған ерекше есімдерді жіберуін өтінген.

Айта кетейік, Жәния Джуринская мен Данияр Хизметов жақында тағы да балалы болмақ. Ерлі-зайыпты ел алдында гендер-пати жасап, бұл жолы ұлды болатынын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2048223-ayagy-auyr-dzurinskaya-maldiv-araldarynda-qalai-demalyp-zatqanyn-korsetti-video/

pixel