Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Say Mo көпшілікке су жаңа пәтерін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Say Mo
Say Mo. Фото: instagram.com/say_mo__

Көпшілікке Say Mo лақап есімімен танымал Мөлдір Есембек тыңдармандарына қуанышын бөлісті. Өнер иесі Instagram парақшасында көптен күткен пәтерін алғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші қуанышын жасыра алмады. Ол видеода жаңа пәтері ұнағанын және үйдің үлкен терезелері мен айналадағы көріністі атап өтті.

"Менің алғашқы пәтерім. Бәріңізге бұйырсын! Енді жөндеуге ақша керек", - деп жазды Мөлдір Есембек.

Желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жаудырды.

"Құтты болсын", "Құттықтаймын", "Ешкімнің сөзін елемей, өз жолыңмен жүрсің. Саған таңғаламын", "Бізге де жұғысты болсын", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Say Mo актер Шәріп Серікпен екі жыл бірге тұрге тұрып, үйленгеннен кейін бір ай өткенде ажырасып кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2048346-ansi-say-mo-kopsilikke-su-zana-paterin-korsetti-video/

pixel