Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлымның үйленуіне қарсымын": Әнші Меруерт Түсіпбаева отбасы туралы айтты

Жарияланған күні:

Меруерт Түсіпбаева
Меруерт Түсіпбаева. Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Қазақстандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева отбасы жайлы жан сырын ақтарып, жалғыз ұлын қалай тәрбиелеп жатқанын айтты. Өнер иесі бүгінде ұлының үйленуіне қарсы екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева ұлы ақыл тоқтатқан кезде үйленгенін қалайтынын айтты. Әнші қазіргі уақытта ұлына "өмір көр, әлемді шарла" деген кеңестер беріп отырады екен.

"Құдайға шүкір, 22 жастағы балам бар. Немере бағатын жастамын. Бірақ өз басым баламның қазір үйленуіне қарсымын. Қазір балам жас. Мен оған "өмірді көр, өмірден ләззәт ал, саяхатта, әлемді шарла" деймін. Содан кейін ақыл тоқтатқан кезінде үйленгенін қалаймын. Бүгінде ұлым Еуропада оқып жатыр. Ректордың стипендиясының иегері болыпты. Мен сондай бақыттымын. Балам менен де асқан қарапайым", - деді өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Меруерт Түсіпбаева жеке өмірі жайлы бар шындықты айтқан еді. Әнші бүгінде арқа сүйер азаматы бар екенін растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2048375-ulymnyn-uilenuine-qarsymyn-ansi-meruert-tusipbaeva-otbasy-turaly-aitty/