Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аялайтын азамат бар": Меруерт Түсіпбаева жеке өміріндегі жаңалығын айтты

Жарияланған күні:

Меруерт Түсіпбаева
Меруерт Түсіпбаева. Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Меруерт Түсіпбаева жеке өмірі жайлы сыр шертіп, бүгінде арқа сүйер азаматы бар екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева сүйіктісі туралы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында ақтарыла айтып берді. Сөзінше, ғашығы оның ұрысқанын да, еркелегенін де кешіреді екен. Ол әншіден едәуір жас үлкен болып шықты.

Өнер иесі алдағы уақытта тұрмысқа шығуға қатысты өз пікірін айтты. Ол ақ көйлек кигісі келмейтінін алға тартты.

"Жеке өмірімді жарнамалап, ортақ талқыға салғым келмейді. Жеке өмір жеке өмір болып қалуы керек. Шүкір, мен жалғыз емеспін. Арқа сүйер азаматым бар. Меніңше, 50-ден асқаннан кейін тұрмысқа шығамын деген әбестік. Кейбір әріптестерім секілді мен "тұрмысқа шығамын" деп айта алмаймын. Тұрмысқа шықсам да ол менің жеке шаруам деп ойлаймын. Бүгінде жалғыз емеспін.

Мені сүйетін, мені аялайтын азамат бұл өмірде бар. Мен ұрыссам да, еркелесем де мені кешіреді. Бірақ ақ көйлек киюге менің жасым оған сәйкес келмейді. Мен 52-демін, жан дүнием де 52-де. Жеке бастың шаруасын көптің талқысына салғым келмейді. Жас айырмашылығымыз алшақ. Ол кісі менен едәуір үлкен", - деді Түсіпбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2048362-meni-ayalaityn-azamat-bar-meruert-tusipbaeva-zeke-omiri-zaily-bar-syndyqty-aitty/