Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Меруерт Түсіпбаева: Келінін қолда ұстап, құл сияқты жұмсап отырған енелерге қарсымын

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Меруерт Түсіпбаева. Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Меруерт Түсіпбаева келін мен ене тақырыбын қозғап, ұлының болашақ жары қандай болғанын қалайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі ұлы үйленген бойда келіні екеуін бөлек шығаратынын жеткізді. Түсіпбаева олармен алыстан сыйласып, өмірлеріне араласпайтынын айтты.

Ол бүгінде келінін қолда ұстап, жұмсап отырған енелерге қарсы болып шықты. Әнші олай істеуге болмайды деп есептейді.

"Келін мен ене тақырыбы мен үшін өте маңызды тақырып. Келінді бөлек қою керек. "Сен мынаны жаса, менің үйімде тұрасың, киімімді үтіктейсің, тамағымды дайындайсың" деген қате нәрсе. Баланың үйі дайын, үйлендім дегенде бөлек кетеді. Сен жақсысың, мен жақсы. Дәл қаөіргі уақытта келінін қолда ұстап, құл сияқты жұмсап отырған енелерге қарсымын. Олай істеуге болмайды. Оның өз өмірі бар. Сенің өз өмірің бар. Ертең ұлым үйленгенде тойы біте сала өз үйлеріне жіберемін. Бөлек тұрсын. "Сен маған тиме, мен саған тимеймін" деймін. Өз өмірлеріңді өздерің сүріңдер, шетелге барып қыдырыңдар. Ал немере бағамын, дайынмын. Өйткені мен баламды бақпадым. Бәрін тастап, немере бағуға дайынмын", - деді ол.

Эстрада жұлдызы болашақ келіні қандай болғанын қалайтынын айтты.

"Баламның мінезі тұйық, жабық, ерке. Болашақ келініме қояр талабым жоқ. Ең бастысы баламды жақсы көрсе, сыйласа, аяласа, адал болса болды. Өйткені балам жалғыз ғой. Менде мәңгі емеспін. Келінім мейірімді, инабатты болса деймін. Мені жақсы көрмесе де, баламды жақсы көрсе жетеді", - деді әнші "Ұйқым келмейді" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2048400-meruert-tusipbaeva-kelinin-qolda-ustap-qul-siyaqty-zumsap-otyrgan-enelerge-qarsymyn/

pixel