Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмахан күйеуі туған күніне не сыйлағанын көрсетті (видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан мен Раим
Ерке Есмахан мен Раим. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан туған күніне күйеуі Raim не сыйлағанын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі жолдасының сыйлығын Instagram парақшасында жариялап қойды. Айтуынша, әнші аталмыш сыйлықты өзі таңдап алған.

Raim келіншегі босанар алдында оны Cartier дүкеніне апарып, сыйлықты өзіне таңдатқан екен.

"Туған күніме күйеуімнің не сыйлағанын сұрап жатқан жандар аз емес. Айтып берейін. Көлігіміз келген күні мені тауға апарып келетінін айтты. Мен мәз болып, мініп алдым. Таудан түскен бойда "Туған күніңде босанып үйде отырасың, жүр сыйлығыңды бүгін алып берейін. Өзің таңдағаныңды қалап тұрмын" деді", - деп жазды Ерке.

Эстрада жұлдызының таңдауы Cartier сағатына түскен. Ғаламтордағы ақпаратқа сәйкес, оның бағасы шамамен екі жарым миллион теңгеден асады.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2048570-erke-esmaxan-kuieui-tugan-kunine-ne-syilaganyn-korsetti-video/

pixel