Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Уылдырық шашып": Ерке Есмаханға ерекше тілек жазған Тамара Асар желіде қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Ерке Есмахан и RaiM
Ерке Есмахан и RaiM. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Осыдан бір апта бұрын Ерке Есмахан өмірге екінші сәбиін әкелді. Өнер иесін қуанышымен құттықтап, ерекше тілек жазған Тамара Асар желіде қызу талқыға түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ағысқа қарсы жүзген екі ғашық. Бүгінде жатыр екен, уылдырық шашып, Еркені туған күнмен құттықтайық, шын ниетпен қуанып, көңіл тасып.

Құрметті, Райым, Ерке, кішкентайлы болуларыңызбен құттықтаймын. Сіздер үйленгенде, "Ағысқа қарсы жүзген бағыттарыңыз бақытқа толы болсын" деп едім. Тола берсін! Еркеш туған күнің құтты болсын", - деп жазды Тамара Асар.

Ал желі қолданушылары Тамара Асардың әншінің сәбилі болуын уылдырық шашуға теңегенін сынға алды.

"Махаббатқа, аң мен құсқа теңегене қазағым енді уылдырып шашқызыпты", "Басқа адам бұл тілекті жазса, тұрпайы дер едім", "Бүгінде жатыр екен ұрпақ сүйіп десеңіз дұрыс болады", "Қазақтың мағына сөзі ғой", "Бастысы ұйқас келсе болды ғой", - деп пікір білдірді желідегілер.

Тамара Асардың бұл құттықтауына Ерке Есмахан да жауап берген.

"Тамара ханым, рахмет! Алла разы болсын, жақсы көремін", - деп пікір білдірді жазба астына Ерке Есмазан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2048571-uyldyryq-sasyp-erke-esmaxanga-erekse-tilek-zazgan-tamara-asar-zelide-qyzu-talqyga-tusti/

pixel