Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тіл тиіп кетпесін дей ме": Жазира Байырбекова күйеуі өзін мақтамайтынын айтты

Опубликовано:

Жазира Байырбекова жұбайымен
Жазира Байырбекова. Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Қазақстандық танымал әнші Жазира Байырбекова желіде жазба жариялап, жолдасына деген назын жеткізді. Сөзінше, отағасы оны мүлдем мақтамайды екен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова күйеуі Жанболат Ербатыровқа арналған жазбасын Instagram парақшасында бөлісті.

"Әйелін барынша жан-жағына, халыққа мақтайтындар бар. Біздікі тек ішінен мақтайтын сияқты. Мүмкін мен жоқ жерде сыртымнан мақтар ма екен?! Жалпы әйелінің жақсы қасиеттерін тізіп айтып отыратын адамдарды көргенде ойланып қаламыз иә, қыздар?! Біздікі тіл тиіп кетпесін дей ма екен, әлде. Күйеуі мақтамайтын қыздар сырласайық", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары өнер иесінің сөздерін жалғап, қызу талқыға көшті. Оқырман қыз-келіншектердің басым көпшілігі дәл осындай жағдайға тап болған екен.

"Біздің отағасы да дәл сондай. Мақтағанын, рахмет айтқанын көрмеппін", "Менің жолдасым да тура сондай. Бір мақтамапты. Бәлкім мен жоқ кезде мақтайтын шығар", "Бәріміздің күніміз сол секілді. Ішінен мақтайды деп үміттенейік", - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2048578-til-tiip-ketpesin-dei-me-zazira-baiyrbekova-kuieui-ozin-maqtamaitynyn-aitty/

pixel