Әзілкеш Нұржан Төлендиевтің қызы жақында сәбилі болатынын айтты (фото)
Жарияланған күні:
Биыл ақпан айында танымал әзілкеш Нұржан Төлендиев қызын ұзатқан болатын. Өнер иесінің қызы Қорлан Instagram парақшасында сәбилі болатынын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Нұржан Төлендиевтің қызының айтуынша, оның ай-күні жақындаған.
Сонымен қатар Қорлан болашақ сәбиінің қыз бала екенін де ашып айтты.
"Барлығы менің ханшайымым үшін. Біздің кездесуімізге аз қалды", - деп жазды Қорлан.
Әзілкештің қызы болашақ сәбиді перзентханадан шығаруға арналған киімдерді көпшілікке көрсетті.
Айта кетейік, елімізге танымал әзілкеш Нұржан Төлендиев жыл басында қызы Қорланды ұзататынын айтты. Осыдан кейін жаңа құдаларымен танысқан өнер иесі ұзату тойында қызын ел алдына өзі алып шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2048583-azilkes-nurzan-tolendievtin-qyzy-ayagy-auyr-ekenin-aitty-foto/