Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менен рұқсат сұраған жоқ": Меруерт Түсіпбаева әнші Ayree-ге деген ренішін жеткізді

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Меруерт Түсіпбаева. Видеодан кадр: Youtube/Jibek Joly TV

Қазақ эстрадасының жұлдызы Меруерт Түсіпбаева қазіргі жас әншілерге өкпелі. Өнер иесі жақында өзінің "Қимай сені барамын" атты әніне жаңа леп берген әнші Ayree-ге деген ренішін жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Меруерт Түсіпбаеваның айтуынша, Ayree аталмыш әнді орындамас бұрын одан рұқсатын сұрамаған.

"Осы күнге дейін "Қимай сені барамын" әнін Мейрамбек Беспаев, Алтынай орындаған болатын. Олар бірауыз маған ескертіп, рұқсат сұраған болатын. Қазіргі эстрадаға аяқ басып жатқан жастар әнімді орындаса қуанамын. Бірақ соңғы орындаған Ayree деген әнші менен рұқсат сұраған жоқ. Соған өкпелеп қалдым. Продюсері де хабарласпады. Олардың шешімдері солай болған шығар. Негізінен рұқсат сұрап, әншіге бірауыз ескертуі керек еді. Ол орындап шыққаннан кейін маған өте көп тыңдарманым жіберді. "Сіздің әніңіз еді", "Сіз керемет орындайсыз" деп айтты. Көрдіңіз бе, көрерменнің өзі қызғанып жатыр бұл әнді" , – деді әнші "Ұйқым келмейді" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2048696-menen-ruqsat-suragan-zoq-meruert-tusipbaeva-ansi-ayree-ge-degen-renisin-zetkizdi/

pixel