Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екінші ұлын босанған Айжан Байзақова перзентханадан шықты (фото)

Опубликовано:

Айжан Байзақова отбасымен
Айжан Байзақова отбасымен. Фото: Instagram/baizaakov

28 қарашада екінші ұлын дүние әкелген Айжан Байзақова перзентханадан шығып, үйіне оралды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Атышулы блогердің перзентханадан шыққаны жайлы Instagram желісінен белгілі болды. Байзақованың өзі Stories-те ұлымен фото жариялап, үйіне бара жатқанын хабарлады.

Айжан Байзақованың Stories-i
Айжан Байзақованың Stories-i. Скриншот: Instagram/bayzakova

Сондай-ақ актрисаның інісі Әлихан Байзақов жұлдызды әпкесін перзентханадан қалай күтіп алғанын көрсетті. Ол қуанышты сәттен фото жариялап, өзіне жиен сыйлаған әпкесі мен жездесіне алғысын айтты.

Айта кетейік, ,28 қарашада Айжан Байзақова екінші перзентін дүниеге әкелді. Бұл блогер арудың екінші ұлы, ал күйеуі Арыстан Нұрбектің тұңғышы болды. Байзақованың басқа ер азаматтан туған Алан есімді үлкен ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2048701-ekinsi-ulyn-bosangan-aizan-baizaqova-perzentxanadan-syqty-foto/

pixel