Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жақсы күресетінмін": Мадина Сәдуақасова ел білмейтін құпиясын бөлісті (фото)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Мадина Сәдуақасова. Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Әнші Мадина Сәдуақасова өзі жайлы көпшілік біле бермейтін деректі бөлісті. Өнер иесі екі жыл бойы дзюдоға қатысқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші бұл құпиясын Instagram парақшасында мәлім етті.

"Мен мектеп кезінде екі жылдай дзюдоға қатыстым. Маған үйлеспейтін сияқты, иә? Бірақ менің өмірімде ол спорттың болғаны рас. Жақсы күресетінмін", - деп жазды Мадина Сәдуақасова.

Өнер иесі өзі жайлы ел білмейтін деректерді бөліскенін айтты.

Әншінің жазбасына желі қолданушылары Мадина Сәдуақасоваға қатысты қызық деректерді жарыса жазған.

"Көйлек алу үшін көлігіңізді сатқансыз", "Орыс мектебін бітіргенсіз", "Жас қанат" байқауына Роза Рымбаева сыйлаған көйлекті кидіңіз", "Дзюдоға қатысты десе, сенетін едім", "Есіміңізді әжеңіз қойған", "Әкеңіз тіс дәрігері болғаныңызды қалады", "Алматыда дүниеге келгенсіз", - деп жазды әншінің тыңдармандары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2048937-zaqsy-kuresetinmin-madina-saduaqasova-el-bilmeitin-qupiyasyn-bolisti-foto/

pixel