Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыз босануға келемін": Ерке Есмахан перзентханада өзіне қандай жағдай жасалғанын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Raim и Ерке Есмахан
Raim и Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/raimusican

Әнші Ерке Есмахан осыдан бірнеше күн бұрын екінші сәбиін өмірге әкелді. Жеке емханада босанған әнші перзентханада өзіне жасалған жағдайды көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Тазалықты, әдемілікті, жайлылықты жаным сүйеді. Перзентханада өзімнің және баламның көңілі үшін палатамды да өзім жабдықтадым.

5 жұлдызды қонақ үйде жатқандай болдық. Енді бұйырса, қызды босануға келемін", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Сонымен қатар әнші екінші ұлы Исламның қанша салмақпен өмірге келгенін де көпшілікке көрсетті.

Суреттегі мәліметке сүйенсек, Ерке Есмаханның екінші ұлы 3620 грамм салмақпен дүниеге келген.

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Сондай-ақ суреттен әншіге тарту етілген гүл жинағы мен Еркенің өзіне қажетті барлық жабдықты дайындап барғанын да байқауға болады.

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Өнер иесі өзі жариялаған суреттен күйеуі Раимды да көрсетуді ұмытпады.

Ал желі қолданушылары Ерке мен Раимның махаббатына таңғалғанын жасырмай, жарыса пікір жазды.

"Жарайсың, Ерке. Бүкіл әлемге махаббаттың бар екенін дәлелдедің", "Мынадай перзентханада босансақ, жылда барамыз", "Енді қызды болыңыз", "Бауы берік болсын", "Үлгілі отбасы", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2048945-qyz-bosanuga-kelemin-erke-esmaxan-perzentxanada-ozine-qandai-zagdai-zasalganyn-korsetti-foto/

pixel