Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жанымда жүргендер жұлдыз болды": әнші Нұрлан Еспанов осы күнге дейін бір атағы жоғына өкпеледі

Опубликовано:

Нұрлан Еспанов әнші
Нұрлан Еспанов. Фото: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Әнші Нұрлан Еспанов осы уақытқа дейін бірде-бір атақ алмағанына реніш білдірді. Өнер иесі "Қызықты weekend" бағдарламасында атақ алу үшін он жыл қатарынан құжат тапсырғанын айтып, сыр шертті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біздің тұзымыз жеңіл. Кей кезде ойланамын. Біз атаққа кешіккен адамбыз ғой. Мүмкін біз еңбек сіңірмеген шығармыз. Бізде халық берген атақ бар. Мені атаққа ұсынды. Бірақ уақыты келгенде ала алмай жатырмын.

Әнші, композитор деген қала береді екен ғой. Тыңдарманың болғанымен, басқалар естімейді екен ғой. Қазір атақ сұрауды қойдым. Он жылдай атаққа құжат тапсырдым. Енді тапсырмаймын. Неге тапсыруым керек? "Маған беріңдерші" деп сұраған ұят емес пе?", - деді Нұрлан Еспанов.

Сонымен қатар өнер иесі жанында жүргендердің жұлдызға айналғанын да атап өтті.

"Маған өзіңізді атаққа ұсыныңыз дейді. Көздеріңіз бар ғой, көріп айтпайсыздар ма? Мемлекетке керек тапсырыстың бәрін мен жаздым. Баяғыда жазылған әндердің бәрін тегін жасадым. Он жыл сұрағаннан кейін қажеті жоқ-ау деп ойладым. Мен халықтың арасында жүрмін. Мен атақ алмасам, еңбек сіңірмегенім бе? Менің еңбектерімнің бәрі шегеленген, архивте жатыр.

Оның қосымша ештеңесі керек емес. Бағдарламаға шақырғанда, "Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Еспанов" деп шақырады. Сосын мен түсіндіріп, бағдарламаны қайта түсіндіремін. Менің жанымда жүргендердің барлығы жұлдыз болып кетті. Барлығы миллионер. Мен ақылымды дұрыс айттым, жол көрсеттім, дұрыс жеткіздім. Олардың бәрі шетінен бастық. Бірақ маған хабарласпайды. Мен оған мұқтаж емеспін. Менде дос көп. Кейде қарның ашатын жағдай болады.

Атаққа қатысты айтатын нәрсе көп. Бірақ оны айтқанмен тыңдайтын құлақ жоқ. Жалпы, жаны ашитын адам жоқ. Ренішті не істеймін? Бізден 25-30 жас кіші жігіттер атақ алып жатыр. Олар - көрнекті тұлға. Біздің де керек жеріміз бар енді. Бірақ ол атаққа жетпей қалып жатыр ғой", - деді Нұрлан Еспанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2048971-zanymda-zurgender-zuldyz-boldy-ansi-nurlan-espanov-osy-kunge-deiin-bir-atagy-zogyna-okpeledi/

pixel