Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйзелісте болды": Медеу Арынбаев Арман Дүйсеновтың қазасына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Медеу Арынбаев сұхбат кезінде
Медеу Арынбаев сұхбат кезінде. Видеодан кадр: Youtube/Dina Tolepbergen

Қазақстандық танымал әнші Медеу Арынбаев марқұм Арман Дүйсеновпен соңғы кездесуін еске алып, оның қазасына қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Медеу Арынбаев өнердегі әріптесі соңғы уақытта күйзелісте жүргенін айтып қалды. Әнші оны соңғы рет өткен жылы өзінің туған күн кешінде көрген екен.

Өнер иесінің сөзінше, өнерде бағаланбай кеткені Арман Дүйсеновтың жүрегіне қатты тиген сыңайлы.

"Арманда күйзеліс болды. Өнерде талантты, дарынды адамдар күйзеліске ұшырайды. Өткен жылы 5 наурызда менің 55 жасқа толған мерейлі тойыма келді. Сол соңғы көргенім болды. Өз сый-сыяпатымен, әнімен келді. Рояльде отырып маған ән айтып, тілегін білдірді. Басқасы басқа, бірақ Арман әркез дайындықпен келетін. Өткен жылы күзде хабарласып, концертке қатысып беруімді өтінді.

Барсам өзі жоқ екен. Сол кезде көмекшісі "аға ауыр жағдайда, күйзелісте жүр" деді. Біраз уақыт болып қалғанын айтты. Содан кейін хабарлассам, мүлде байланыс аясынан тыс жерде болды. Сосын қаралы хабар естіген кезде менде де күдік болмады емес, болды. Өнердегі жарқын Арманымыз бағаланбай кеткені жүрегіне қатты тиген-ау деп ойладым", - деді Арынбаев "Динамен дұрыс" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049002-kuizeliste-boldy-medeu-arynbaev-arman-duiseniovtyn-qazasyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel