Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дариға Бадықова: Басқаның киносына салғырт қарайтынмын (видео)

Опубликовано:

Дариға Бадықова мен Олжас Абай
Дариға Бадықова мен Олжас Абай. Видеодан кадр: ҚЫЗЫҚ TIMES бағдарламасы

Актриса Дариға Бадықова жақында продюсерлікті қолға алып, көпшілікке су жаңа туынды ұсынды. ҚЫЗЫҚ TIMES бағдарламасына келген Бадықова "Таптым-ау сені" киносы жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Басқаның киносына келгенде салғырт қарайтынмын. Құдай өзі кешірсін. Өзімнің жобама келгенде қысылып отырмын. Бір киноның жауапкершілігін көтеру қиындау екен.

Олжастың бұл фильмдегі құны өте жоғары болды. Өйткені, Олжастың сомдаған образы басқаша болды. Ол "Доспыз ғой, осынша гонарар керек" деді. Бірақ мен осы фильмге соңына дейін атсалысатынын ескеріп, гонорар үстіне ақша қосып, өз рахметімді айттым", - деді Дариға Бадықова.

Еске сала кетейік, Дариға Бадықова продюсерлік еткен "Таптым-ау сені" фильмі желтоқсанның 1-нен бастап кионтеатрларда көрсетіле бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049028-dariga-badyqova-basqanyn-kinosyna-salgyrt-qaraitynmyn-video/

pixel