Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әзілкеш Нұржан Төлендиевтің жиені дүниеге келді (фото, видео)

Опубликовано:

Нұржан Төлендиев қызымен
Нұржан Төлендиев қызымен. Фото: instagram.com/korlawkaa

Биыл ақпан айында танымал әзілкеш Нұржан Төлендиев қызын ұзатқан болатын. Өнер иесінің қызы Қорлан Instagram парақшасында тұңғышын өмірге әкелгенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Аллаға шүкір", - деп жазды Қорлан.

Сонымен қатар әзілкештің қызы сәбиін желтоқсанның 3-інде дүниеге әкелгенін де мәлім етті.

Сондай-ақ әзілкештің әріптесі Нартай Сүлейменов те сахнада тұрып, залға жиналған көрерменге сүйінші жаңалықты жеткізді.

"Бір сағат бұрын Нұржан ата атанып, немере сүйді. Қол соғып қояйық", - деді Нартай Сүлейменов.

Айта кетейік, елімізге танымал әзілкеш Нұржан Төлендиев жыл басында қызы Қорланды ұзататынын айтты. Осыдан кейін жаңа құдаларымен танысқан өнер иесі ұзату тойында қызын ел алдына өзі алып шықты.

Дүниеге келген сәби
Дүниеге келген сәби: instagram.com/korlawkaa сторисінен скриншот

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049127-azilkes-nurzan-tolendiev-nemereli-boldy-foto-video/

pixel