Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір жыл артынан жүгірдім": Сейфуллин Жолбарыс екінші әйелімен танысқан кезін есіне алды

Опубликовано:

Сейфуллин Жолбарыс әйелімен
Сейфуллин Жолбарыс әйелімен. Фото: Instagram/kat_azalaniss

Қазақстандық танымал әнші әрі композитор Сейфуллин Жолбарыс келіншегі Екатеринамен қалай танысқанын айтып, екінші рет отбасын құруына қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сейфуллин Жолбарыс сүйіктісімен бағдарламаның түсірілімі кезінде танысқан. Өнер иесі алдымен Екатеринаның өзіне емес, оның қазақша сөйлегеніне ғашық болғанын айтты.

Бірақ әнші оның жүрегін бірден жаулай алмаған. Екатеринаны өзіне қарату үшін ол бір жылдай уақытын кетірген.

"Хабар" арнасына бағдарламаға барғанмын. Түсірілім аяқталып, студиядан шыққан кезімде Серік Абас-шах ағамыз келесі "студияға кір, көрермен болып отыр" деді. Амалсыздан кіріп отырдым. Бұл бағдарламада түрлі ұлт өкілдері жарысып жатыр екен. Катяны да бастығы бағдарламаға қинап жіберген. Ақыры Катяның тобы жарыста жеңді. Мен Катяның ең алдымен өзіне емес, қазақша сөйлегеніне ғашық болдым. Қазақша таза, әдеби сөйледі. Тура бір филология факультетін бітірген таза қазақтың қызы сияқты болды. 

Артынан бір жыл жүгірдім, Алланың қалауымен кейін қарады. Әрине, оған да оңай болған жоқ. Отбасым, балаларым бар екенін білді. Ата-анаммен таныстырғанда оларға бірден ұнағанын көріп, "осылай болу керек, менің ойлағаным мен арманым осы" дедім", – деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049137-bir-zyl-artynan-zugirdim-seifullin-zolbarys-ekinsi-aielimen-tanysqan-kezin-esine-aldy/

pixel