Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қартаюды ұмытқан": 41 жастағы Дастан Оразбеков көпшілікті биімен таңғалдырды (видео)

Опубликовано:

Дастан Оразбеков
Дастан Оразбеков. Фото: instagram.com/dastanello

Әнші Дастан Оразбеков биші жігітпен өнер көрсетіп, тыңдарманын таңғалдырды. Өнер иесінің видеосы желідегілердің қызу талқысына түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеоны Бауыржан Салайдін есімді биші жігіт Instagram парақшасына жариялады.

"Таңғалып тұрмын", - деп жазды биші жігіт.

Ал желі қолданушылары Дастан Оразбековтің өнеріне таңғалғанын жасыра алмады.

"Дастан қартаюды ұмытқан", "20 жыл бұрын "Орда" тобындағы Дастан түк өзгермеген", "Тек Дастанға қарадым", "Аңыз адам ғой", "Өзімен жұмыс істеген адам Дастандай болсын", "Міңгі жас", - деп пікір білдірді желідегілер.

Айта кетейік, әнші Дастан Оразбеков көпшілікке "Орда" тобы арқылы кеңінен таныс. Өнер иесі биыл 41 жаста.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049174-qartayudy-umytqan-41-zastagy-dastan-orazbekov-kopsilikti-biimen-tangaldyrdy-video/

pixel