Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бел ауыртып жұмыс істемейміз": Әнші Еркін Нұржанов жас көрінуінің сырын айтты

Опубликовано:

Еркін Нұржанов
Еркін Нұржанов. Скриншот: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Бір аптадан кейін 40 жасқа толатын Еркін Нұржанов бүгінде жас көрінуінің сырын айтты. Өнер иесінің сөзінше, әншілердің жарқырап жүруі халықтың махаббатына тікелей байланысты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Еркін Нұржановтың айтуынша, әншілердің жұмысы өзге мамандық иелеріне қарағанда ауыр емес.

"Жалпы әншілердің, өнер адамдарының қартайып кетуі, сырт келбетінің сыр беруі сирек кездеседі деп ойлаймын. Өйткені өнер адамдары бел ауыртып жұмыс істемейміз, етік киіп суықта жүрмейміз. Аллаға сансыз шүкір, қашан болмасын көлігіміз дайын, тағамымыз дайын. Бірінші кезекте халықтың еркелетуі, қошеметінің өзі көңіл-күй сыйлап, жасартады десем болады. Бәрі халықтың махаббатынан", - деді әнші "Ұйқым келмейді" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2049349-bari-xalyqtyn-maxabbatynan-ansi-erkin-nurzanov-zas-korinuinin-syryn-aitty/

pixel